Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жаңа қызмет ең алдымен елімізге жуық арада жеткізілетін заманауи әуе кемелеріне енгізіледі. Атап айтқанда, Dreamliner 787 үлгісіндегі ұшақтар туралы болып отыр. Дәл осы лайнерлерде ұшу кезінде интернетке қосылу мүмкіндігін орнату жоспарланған.
Вице-министрдің сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Барлық жоспарларды ескерсек, әуе бортындағы интернет қызметі осы жылдың соңына қарай немесе келесі жылдың басында қолжетімді болуы ықтимал.
Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық бағыттарда қатынайды. Дегенмен, интернет қызметі ең алдымен ұзақ қашықтықтағы халықаралық рейстерде сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев ел ішіндегі өңіраралық байланысты күшейту үшін шағын авиацияны дамыту мәселесін көтерген болатын.
Қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарында жолаушыларға арналған интернет қызметі жақын уақытта іске қосылуы мүмкін
Фото: Gemini ИИ