Қазақстанның Еңбек Ері Георгий Прокоп дауыс беруге қатысты

Сурет ұйымдастырушылардан

Қазақстанның Еңбек Ері, Қарағанды облысының құрметті азаматы, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп кәсіпорын ұжымымен бірге Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысты.

Георгий Прокоптың айтуынша, сайлауға қатысу – әрбір азамат үшін өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосуға мүмкіндік.

«Әрбір азамат үшін сайлауға қатысу – өз ұстанымын білдіріп, ел болашағына үлес қосу мүмкіндігі. „Шахтерское“ ЖШС ұжымы осы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға жауапкершілікпен қарады», – деп атап өтті Георгий Прокоп.

Еңбек ұжымдары өкілдерінің дауыс беруге қатысуы азаматтық борышқа деген жауапкершілікті және Қарағанды облысы тұрғындарының белсенді ұстанымын көрсетеді.