Көкшетауда жасөспірім ашық жатқан құдыққа құлап кетті

Фото: Gemini ИИ

Көкшетауда ашық қалған құдыққа жасөспірім түсіп кеткен. Оқиғаның видеосын жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде жариялап, қауіпсіздік талаптарының сақталмауына наразылық білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ZTB - QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.

Жағдайға қатысты «Көкшетау Су арнасы» түсініктеме берді. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта құдықтардың кімнің иелігінде екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мекеме мәліметінше, қауіптің алдын алу үшін құдықтың қақпағы уақытша жабылып, маңы қоршалған.