Мәдениет пен өнерді қолдау – рухани дамудың негізі

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды қаласындағы Музыкалық комедия театрында өнер ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Айжан Қазимовна Киясова, Нуркелди Зиядаұлы Омарханов, Эрем Камильевич Бариев және Аманжол Дәулетбекұлы Абдрахманов қатысты.

Сайлау

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдениет пен өнер саласын дамытуға қатысты бағыттар таныстырылды. Театр өнерін қолдау, шығармашылық ұжымдардың әлеуетін арттыру, мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту және өнер қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

Сайлау

Театр ұжымы мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, көрермендермен байланысты нығайту және театр өнерінің қоғамдағы рөлін арттыру жөніндегі ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар мәдениет мекемелерінің қоғамның рухани өміріндегі маңызын атап, сала мамандарының пікірлерін тыңдады.

Сайлау

– Мәдениет пен өнер – қоғамның рухани дамуына ықпал ететін маңызды сала. Театр көрерменге эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, қоғамдық ойдың қалыптасуына да әсер етеді. Сондықтан шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсету, олардың кәсіби дамуына және жаңа жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік жасау қажет, – деді кандидат Айжан Киясова.

Кездесуге 60-қа жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.