Спорт инфрақұрылымын дамыту – бұқаралық спорттың негізі

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында спорт мекемесінің еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты.

Сайлау

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы спорт саласын дамытуға қатысты басымдықтар таныстырылды. Бұқаралық спортты қолжетімді ету, спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, балалар мен жасөспірімдерге арналған секцияларды дамыту және кәсіби спорт мамандарын қолдау мәселелері талқыланды.

Сайлау

Стадион қызметкерлері спорт нысандарының жұмысын ұйымдастыру, инфрақұрылымды күтіп ұстау және тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға қатысты өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуда заманауи әрі қолжетімді спорт алаңдарының маңызы атап өтілді.

Сайлау

– Бұқаралық спорттың дамуы ең алдымен халыққа қолайлы жағдай жасаудан басталады. Спорт нысандарының қолжетімді болуы балалар мен жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Сондықтан спорт инфрақұрылымын дамыту мен сала мамандарының еңбегін қолдау қатар жүруі керек, – деді кандидат Данияр Сакенов.

Сайлау

Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.

Сайлау

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.