Мәреге бірінші жеткен қазақстандық алтыннан айырылды

Фото: Gemini ИИ

Өкінішке қарай, қуанышымыз ұзаққа созылмады…

Әйелдер арасындағы спорттық жүрістен қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева бірінші болып мәреге жеткен еді. Алайда жарыстан соң оның нәтижесіне наразылық түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

World Athletics өкілдері спортшының аяқ киімін тексеріп, оның халықаралық талаптарға сай келмейтінін анықтады.

Осыған байланысты Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылып, алтын медаль Қытай спортшысына берілді.