Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілмек

Фото: Life09

Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілмек. Мұны вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты. Ол кейбір компаниялар экспорттық кедендік баж төлейтінін еске салды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл төлем мұнай бағасына тәуелді болғандықтан, баға өскен сайын бюджет кірісі де артады дейді.

Вице-премьердің сөзінше, қосымша табыс халықтың табысына да әсер етуі ықтимал.

"Компаниялар көбірек табыс табады, сәйкесінше жалақыны көтеруі мүмкін. Салық түсімдері де артады. Осылайша жалақыны индексациялау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болады", – деді ол.

Ал, сіздің қазір тауып жүрген жалақыңыз қанша?

t.me/stankznews