Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

Фото: Gemini ИИ

Павлодар облысының Жоламан ауылында орналасқан сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде қайғылы оқиға болып, алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдардың қаза болғанын растады. Марқұмдардың ең жасы – 16 жаста.

Тағы бір 1988 жылы туған ер адам аман қалып, көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.