Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Фото: ЖИ Gemini

Шымкентте 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірімді үйінен туыстары тапқан. Оқиға орнына шақырылған дәрігерлер оның өмір белгілері болмағанын анықтады. Қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 6 сәуір күні оқушы үйінде болған кезде тіркелген. Ресми дерекке сай, жасөспірім бұған дейін арнайы медициналық есепте тұрмаған. Қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге белгісіз. Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Бұған дейін білім басқармасы 2025 жылы Шымкентте жастар арасында 11 суицид жағдайы тіркелгенін хабарлаған еді.

Дереккөз: @ztb_qazaq