BANNER

Шымкентте аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі әшкереленді

Фото:Gemini ИИ

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Шымкентте ірі қаржылық алаяқтыққа қатысы бар күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Тергеу дерегіне сәйкес, ол құны 2,5 миллион АҚШ долларына бағаланған бизнесті криптовалюта арқылы есеп айырысамын деген желеумен өз атына рәсімдеп, нақты төлем жасамаған.

 

Бұдан бөлек, күдікті компанияға қатысты мәліметтерді жария етпеу үшін бұрынғы иесінен 250 мың АҚШ долларын талап еткен. Оның 150 мың долларын алу үстінде ұсталғаны белгілі болды.

 

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.