Венесуэлада анасы мен 18 күндік сәби үйінді астынан тірі құтқарылды

Фото: Gemini ИИ

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған анасы мен небәрі 18 күндік сәбиі 32 сағаттан соң тірі табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Парламент спикері Хорхе Родригестің айтуынша, уақыт өткен сайын тірі адамдарды табу мүмкіндігі күрт азайып келеді. Оның сөзінше, зілзаладан кейінгі алтыншы күні тек бір ғана 3 жасар бала аман құтқарылған.

Еске салайық, өткен сәрсенбіде елде магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, апаттан қаза тапқандар саны 1900-ден асып, 43 200 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында тіркелген.