Жамбылда әсерлі видео үшін жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: Gemini ИИ

Жамбыл облысында әлеуметтік желіге контент түсіру мақсатында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицияның бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген мониторинг кезінде жолаушылардың қозғалыстағы көліктің терезесінен денелерін сыртқа шығарғаны анықталған. Мобилограф қатар келе жатқан көлікті түсіру үшін терезеден беліне дейін шығып тұрған.

Қауіпті әрекеттердің жолы дер кезінде кесіліп, көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде көп қаралым жинау немесе әсерлі видео түсіру адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті ақтамайтынын ескертті. Мұндай жауапсыз әрекеттер ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.