Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына қазақы шапан сыйлады

Сурет: bydastan.kz

Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Моңғолиядағы сапары кезінде АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен кездесіп, оған қазақы нақыштағы шапан сыйлады. Ерекше кездесуден видео блогердің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Дастанның айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге саяхаттап, бір дастарқаннан дәм татып, жақын танысуға мүмкіндік алған. Осы сапар барысында Трамптың ұлы қазақстандық блогердің шығармашылығы мен контентіне қызығушылық танытып, әлеуметтік желідегі парақшасына да жазылған.

Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – Дастанның оған қазақы нақыштағы шапан кигізуі болды. Ұлттық киім арқылы блогер қазақ мәдениетінің бір бөлшегін шетелдік қонаққа таныстырды.

Бұл оқиғаның әсерімен бөліскен Дастан видеода:

«Голливудта болмаған нәрсе, шын өмірде болып жатыр. Менің өзеннен өтіп жатқан видеомды Трамптың баласы өзі түсіріп тұр десем, найзағай ма?» – деп таңданысын жеткізді.

Тревел-блогер алдағы уақытта осындай ерекше кездесулер арқылы әлемге танымал тұлғаларды Қазақстанға шақырып, еліміздің көрікті жерлері мен туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуды мақсат ететінін айтты.