Алдағы демалыс күндері Қарағанды орталық саябағында бірнеше шара өтеді

ашық дереккөз

Орталық саябақ жаз бойы қарағандылықтарды танымал әртістер мен ақындардың қатысуымен өткен кештермен қуантты.  Күздің қара суығына қарамастан саябақтар басқармасы тұрғындарға бірнеше қызықты бағдарламалар ұсынып, қонақ болуға шақырады. Атап айтқанда,

Жұма күні яғни 9 қыркүйекте 16:00 мен 18:00 аралығында саябақ сахнасында «Танцы на все времена и годы» атты кеш өтеді; 

18:00-де «Как в кино» атты сахна тілі мен шеберлігі тақырыбында ересектер мен кішкентайларға арналған шеберлік сағаты өтеді; 

Ал 20:00 мен 22:00 арасында «11 этаж» тобының шығармашылық кеші болады. 

 

Ал сенбі күні, яғни 10 қыркүйекте түскі 12-де «Сәлем, мектебім!» атты ойын-сауықтық бағдарлама өтеді;  

Ал 16:00-де жастарға арналған блок өтеді;

16:10 мен 17:00 арасында қарағандылық кавер-топтар әннен шашу шашады;

17:00 – танымал блогерлер – Карина Сыздыкова мен Сәкен Қағаровпен сұқбат болады;

17:30– randomdance game;

Ал 19 бен 20-ның арасында кез-келген тұрғын Кореяға виртуалды саяхат жасай алады.

 

Жексенбі, 11 қыркүйек түскі сағат 11-де zymba-fitness-тен дәстүрлі жаттығу өтеді;

14 пен 20-да Кореяға виртуалды саяхат жасау жалғасады;

16 мен 18:00 аралығында Орталық саябақ сахнасында «Midnyt» би студиясының есеп беру кеші өтеді.   

Демалысыңызды естен кетпестей өткізіңіз!