Ағайындылар 10 адамды бауыздап өлтірді

ашық дереккөз

Жантүршігерлік оқиға АҚШ-та болған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Екі адамнан тұратын қылмыстық топ Канада тұрғындарына қырғидай тиген. Бір күнде 20-дан астам адамды пышақтап, бауыздаған. 10-ы қайтыс болды, қалған 15-і жаралы. Қаскөй құрбандарының мәйіттері әртүрлі жерден табылған. Жергілікті Полиция бөлімі күдіктілердің есімін атады. Олар – 31 жасар Дэмиен Сандерсон мен 30 жастағы Майлз Сандерсон.

1

Олардың мұндай қатыгездікке баруының негізгі себебі анықталмады. Полицейлердің мәліметінше, тұрғындарға барынша сақ болу керек. Себебі, қаруланған қауіпті қылмыскерлер әлі де бостандықта жүр. Сандерсондарды соңғы рет жексенбі күні Реджайн провинциясынан көрген. Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо қарақшылық әрекетті «жантүршігерлік әрі қорқынышты» деп атады.

«Қауіпсіз аймақтан алыстамаңыз! Сақ болыңыз! Үйіңізге бөгде адамдарды кіргібеңіз!», – деп жазды ол өзінің Твиттердегі парақшасында.

Билік халықтың қауіпсіздігі үшін бірнеше жерге полиция патрулін қойған. Олар кіріп-шыққан көліктердің құжаттарын тексеріп жатыр. Сондай-ақ, олар көлік жүргізушілеріне жолда тұрған жолаушыны алмауын ескертті. Мұндай жаппай адам өлтіру дерегі өңірде алғаш рет тіркеліп отыр дейді билік өкілдері.