BANNER

Балаларға қол көтерген тәрбиешінің видеосы жаға ұстатты

Кадр из видео

Әлеуметтік желіде балаларға қол көтерген қатал тәрбиешінің видеосы тарады. Ролик авторы және оқиға болған балабақшаның орналасқан жері әзірге белгісіз. Кадрлардан әйелдің тапсырмасын орындамаған ұл баланың басынан бірнеше рет нұқып жібергені анық байқалады. Кейінірек назары арт жағында ренжісіп тұрған екі қызға ауады.

–Алина, бері кел! Неге біреудің қызын ұрасың?

–Ол мені итерді!

–Егер ол сені итерсе – сен де итер!–дейді тәрбиеші.

Желі қолданушылары Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетовты белгілеп, балаларға теріс тәрбие көрсеткен қатыгез маманды тауып, жазалауды сұрады.