BANNER

Асхат Аймағамбетов: «Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған және бола береді»

Фото: Life09

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, Жаңа Конституцияны талқылап жатқанын мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, Коалиция мүшелері бірнеше күнде еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді.
 

«Халықты мазалаған тақырыптың бірі – білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету мәселесі болып тұр. Жекелеген азаматтар тарапынан «халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы енді тек ақылы түрде болады-мыс» деген жаңсақ, яғни фейк ақпарат таралуда. Ал шын мәнінде, Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған және бола береді. Бұл Жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған», – деді депутат.