Қазақстандық спортшы Хинтертукс мұздығында (Австрия) өткен фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз әйелдер арасындағы жарыста 74,04 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орынды жапониялық Мио Тани (71,41 ұпай) иеленсе, үздік үштікті тағы бір Жапония спортшысы Марин Ито (70,66 ұпай) түйіндеді.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Юлия Феклистова мен Юлия Мокина да өнер көрсетті. Феклистова 52,55 ұпаймен 13-орынға тұрақтаса, Мокина 25,63 ұпаймен 22-сатыға жайғасты.
Ерлер арасындағы жарыста қазақстандықтардан Павел Колмаков үздік нәтиже көрсетті. Ол 72,34 ұпай жинап, сегізінші орынға ие болды. Федор Бугаков 66,49 ұпаймен оныншы орын алса, Максим Емельянов 65,69 ұпаймен 11-орынға тұрақтады. Ал Семен Русаков 62,60 ұпаймен 13-сатыға жайғасты.
Сондай-ақ, Даниил Коротков 20-орын, Ильнар Ибрагимов 21-орын, Алексей Дегтярев 24-орын және Дмитрий Пятаков 43-орын алды.
Анастасия Городко Австрияда өткен фристайл-могулдан халықаралық турнирде жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz