ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың айтуынша, жаңа Конституция жобасында ел дамуы үшін маңызды жаңа қадам жасалды. Алғаш рет Преамбула деңгейінде «Әділетті Қазақстан» қағидаты айқын түрде белгіленді.
Магеррамов бұл қағидат мемлекеттің болашақ бағытын айқындайтын негізгі құндылықтардың бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты нығайтуға бағытталған.
Депутат мұның барлығы елдің демократиялық дамуын жеделдетіп, халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға қызмет ететінін айтты.
Жаңа Конституцияның Преамбуласында «Әділетті Қазақстан» қағидаты алғаш рет бекітілді
Фото: Life09
