BANNER

Ара үшін омарта “оттан ыстық”

pixabay.com

Аралар омарта температурасын үнемі бір қалыпта ұстайды.  Егер омарта іші суып бара жатса аралар тездете қозғалып, температураны 33 градусқа көтереді. Және осы көрсеткіштен төмен түсірмейді. Ал егер одан ыстық бола бастаса тағы қанаттарын қағып, омартасын желдетіп алады.

 Айтпақшы, ара омартасының неліктен алты бұрыш кескінмен салынатынын білесіз бе? Ғалым Ибн әл-Қайымның «Шипа» атты еңбегінде еш қуыс қалдырмастан бал құю үшін алты бұрышты ыдыс ыңғайлырақ екені айтылады. Үш, төрт бұрыштыға да бал құюға болады. Алайда оның бұрыштары тар болғандықтан, бал оны толық толтыра алмайды, яғни ішіне ауа кіріп бос орындар қалып қоюуы кәдік.

АҚЕРКЕ АЯНҚЫЗЫ