BANNER

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында өткізіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, биыл төртінші рет ұйымдастырылатын Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Толық ақпаратты сайттан біле аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Ұлттық Инженерлік Академиясы бірлесе отырып «Еңбек адамы – 2025» байқауын өткізетінін хабарлады.