BANNER

Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсірді

ашық дереккөз

Димаш Құдайберген 24 қыркүйек Алматы қаласында өтетін фанмитингте «История одного неба» атты бейнебаянының тұсауын кеседі. Бұл туралы әнші өзінің ресми парақшаларында мәлімдеді.

12 минуттық туындының мақсаты – ғаламшардағы адамзатты бірлікке шақыру. «Біз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлінеміз. Бірақ бір жаһанның баласымыз және бір аспанның астында тұрамыз. Өмір – ең қымбат құндылық», – деп жазды Димаш.  Аталмыш туындының сценарийін әншінің өзі жазған. Оған 3 жыл уақыт кеткен.