BANNER

Алматы қаласынан 178 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Сурет: pixabay.com

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен 12 сағат 25 минутта жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісі болған жердің координаттары: 42.416 солтүстік ендік, 75.016 шығыс бойлық.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-батысынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан.

Магнитудасы — 4.1, ал энергетикалық класы — 9.2 шамасында болған.

Есептік қарқындылығы (балл): сезілмеген.