BANNER

Қарағандыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Фото: gov.kz

Қарағандылықтарды 8 маусымда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады. Онда ет-сүт өнімдерін және жергілікті кәсіпкерлердің тауарларын нарықтағы бағадан арзанға сатып алуға болады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелер қаланың үш секторындаөтеді:

- "Global City" СОО Оңтүстік-Шығыс-фермерлік орталығы (134-ші есептік квартал, 921 қ.);

- Майқұдық – "Ұмай" СҮ (Карл Маркс көшесі, 9);

- Пришахтинск – "Молодежный" МҮ (Металлистов көшесі, 24/2 қ.).

Сауда сағат 09: 00-де басталады.