BANNER

Ақмола облысында студентті бопсалап, өзін өлтіруге дейін жеткізген 11 адам сотталды

Фото: stan.kz

Ақмола облысында сот екі жыл бойы жәбірленушіні қорқытып, қысым көрсетіп, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 11 тұрғынға үкім шығарды,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сілтеме жасап.

Деректерге сай, Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге)  ақша бопсалаған. 

“Сонымен қатар екі сотталушы Н және А жәбірленуші Б-ны өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.

Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуін 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған Ш жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптан босатылды”, – делінген хабарламада.

Жаза тағайындауда сот кейбір кінәлілердің балаларының болуын ескеріп, кінәсін мойындауына және шын жүректен өкінетініне, соттылығының болмауына байланысты жазасын жеңілдетті. 

Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 миллион теңгеге моральдық шығын және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді.

Сонымен қатар сот талқылай келе тәртіп бұзылғаны үшін полиция департаментінің, әкімінің атына жекеше қаулылар шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.