BANNER

Ақтөбеде суға кетіп, өзіне қол салмақ болған 13 жастағы қыз құтқарылды

Фото: видео скрин

Ақтөбеде суға кетіп, өзіне қол салмақ болған қызды учаскелік инспектор құтқарып қалды,-деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.

13 жастағы оқушының мұндай қадамға неліктен барғаны анықталып жатыр. 

Оқиға қаланының қақ ортасындағы Сазды өзені бойында болды. Оқушы қыз ойын-сауық орталығы алдындағы көпір астына келіп отырады. Бүрсеңдеп қараңғы жерге тығылғанын көргендер дереу тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Сол маңда жүрген учаскелік инспектор жеткенде қыз өзенге секіріп кеткен. Сол бойда полицей де артынан секіріп, жасөспірімді құтқарып қалды.

Өзіне қол салмақ қыз қазір психологтың бақылауында. 

“Қазір жасөспірімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Онымен психолог-маман мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, себептері анықталуда”, – деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.