Жаңалықтар Қоғам Маңызды 14 05 2024 Биыл елімізде өрт қаупі жоғары болады – ТЖМ Фото: ашық дереккөз Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар жалғасуда және шаруа қожалықтарын аралау практикасы жаңартылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт қаупінің алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндады, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz сілтеме жасап. «Қазіргі таңда елімізде болып жатқан су тасқыны Төтенше жағдайлар министрлігінің кез келген қауіп-қатерге дайын екенін көрсетіп жатыр. Дәл осы режимде өрт қаупі кезеңінде барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылады», – деді министр Үкімет отырысында. Бүгінде әр өңірде ірі өрттермен күресу үшін күштер мен құралдар – республика бойынша шамамен 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника дайындалған. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар. Сондай-ақ жаңадан құрылған республикалық Орман қорын күзету және қорғау қызметімен тығыз байланыс орнатылған. Министрліктің келісімімен әкімдіктер Табиғи өрттерді болдырмау жоспарларын бекітті. «Өткен жылдың күзінде «Ормандала-2023» оқу-жаттығуы өткізілді. Ертең «Семей орманы» резерватында Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткіземіз. Барлық өңірде орман шаруашылығы мекемелері 53 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Бұдан басқа, министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 жұмысшысы оқудан өтті», – деп түсіндірді министр. Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар жалғасуда және шаруа қожалықтарын аралау практикасы жаңартылды. «Бүгінде орманды дала алаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар өрт қағидаларын бұзғаны үшін 630 адамға айыппұл салды», – деді спикер. Popular Сіз білесіз бе? Жаңалықтар Әлем 24.11.2024 Мемлекет басшысы Үкіметке шұғыл тапсырма берді Саясат 24.11.2024 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Маңғыстау облысындағы жағдайға қ Жаңаөзендегі жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды Жаңалықтар 24.11.2024 ҚР Премьер-Министрі А. Маңғыстаудағы ахуал немесе газ бағасы неге өсті? Қоғам 24.11.2024 Маңғыстауда газ бағасы 50 теңге болып бекітілді Жаңалықтар 24.11.2024 Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болып бекітілді. Тақырып бойынша Премьер-Министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді 22 11 2024 Таразда оқушы қыз сыныптасына буллинг жасап, оны видеоға түсірген 22 11 2024 Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 574 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді 22 11 2024 Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 1 адам қаза тапты 22 11 2024 Қарағандыда 200-ден астам болашақ дәрігер жаңа оқу орнына ауыстырылады 22 11 2024 Қарағанды техникалық университетінің 1500-ден астам студенті бос орындар жәрмеңкесіне қатысты 22 11 2024