BANNER

Қарағандыда 23 тамызда жұмыс іздеп жүргендер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы кезекті бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Жұмыс іздеп жүргендерді 23 тамызда "Таир" СҮ-де күтеді.

Жәрмеңкеге 30-дан астам жұмыс беруші қатысады. Сондай-ақ, Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары прокуратурасының, пробация қызметінің, ҚАЖД өкілдерінің кеңесін алуға болады.

Бүгінде enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қарағанды бойынша 3100-ден астам бос жұмыс орны бар.

Жәрмеңкені өткізу уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: "Таир" СҮ, Космонавтов көшесі, 1, 1/29-құжат.

Байланыс телефондары: (8-7212) 60-50-50, +7-775-644-35-80 (Whatsapp).