BANNER

Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 28 адам эвакуацияланды

pixabay.com

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.