BANNER

Қарағандыда рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын бастаған компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды

Pixaboy

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылысты рұқсат құжаттарсыз бастаған компаниялардың жаңа тізімін жариялады. Қарағандыда ондай жеті компания бар. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олар:

- «Т-К Building» ЖШС («Al-Farabi» ТК);

- «ТТ INVEST-2022» ЖШС («Хан» ТК);

- «Satti Lux Stroy» ЖШС («Нура» ТК);

- «Elite Home Invest» ЖШС («Life Garden» ТК);

- «ККК Бетон» ЖШС («Бақытты Отбасы» ТК);

- «Григорян» ЖК (Ремесленный, 2 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй);

- «Лидер Строй» ЖШС («Арена» ТК).

Ведомство қарағандылықтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмас бұрын құжаттарды мұқият тексеру керек екенін айтады. Қосымша ақпарат алу үшін МСҚБ-ға (8-7212) 43-22-43 осы телефондар арқылы хабарласуға болады.