BANNER

Қарағандылық ІТ-мамандарды тегін дәріске шақырады

Қарағанды облысының әкімдігі сайтынан

«Террикон алқабы» ІТ-хабында 8-24 шілде аралығында веб-әзірлеудің негізгі аспектілерін білуге және алғашқы чат қолданбасын жасауға болатын тегін курс өтеді. Спикер - Frontend developer Махмұт Әскербекұлы. 

Шараға студенттер, орта мектеп оқушылары, бастаушы әзірлеушілер және веб-әзірлеу саласына қызығушылық танытқандар шақырылады. Сізге жеке ноутбук қажет болады.

Дәріс бағдарламасында: HTML, CSS, JavaScript негіздері, сервермен жұмыс және webSocket.

Сабақтар жұмыс күндері сағат 18:30-дан 20: 30-ға дейін өтеді.

Формат: офлайн/онлайн.

Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау келесі сілтеме бойынша: https://terricon.kz/kz/chat-app.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.