BANNER

Карина Мамаш экс-күйеуінің аяусыз ұрған видеоларын желіге жариялады

Фото: orda.kz

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйеліне көрсеткен қысымы жаға ұстатты,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

Видеоны Qumash telegram-арнасы жариялады.

Мамыр айында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш күйеуінің зорлық-зомбылығы туралы айта бастаған еді. Артынша, оның туыстарының өзіне жасаған қысымын да жасырмады. Ал, бүгін желіде диломаттың әйелін аяусыз ұрған видеолары жария болды. 

«Біз Каринамен байланысқанымызда ол әйелдің тіл білуі мен білімді болуы, отбасылық өмірде өз құқығыңды қорғайтын басты қару екенін қадап айтты. Осыған дейін шыдап келген аяусыз соққылар түсірілген видеоны жариялауға бекінген» деп хабайлады telegram-арна.

Карина Мамаш жақсы білім мен тіл білу ешкімге зорлық-зомбылық жасауға құқық бермейтінін айтты.