ҚР Ұлттық банкінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің тұрақты өсуі байқалады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
Заңды тұлғаларға берілетін несиелер:
Теңгеде орташа мөлшерлеме 17,8%-дан 17,9%-ға өсті.
Шетелдік валютада орташа мөлшерлеме 7,1%-дан 7,7%-ға өсті.
Жеке тұлғаларға берілетін несиелер:
Теңгеде орташа мөлшерлеме 20,8%-ға көтерілсе, наурыз айында ол 20%-ды құрады.
Шетелдік валютада орташа мөлшерлеме 5 пайыздан 4,8 пайызға дейін аздап төмендеді.