BANNER

Мұхтар Шахановтың рухани әлемін камераға сыйдырған суретші

aigerim.abzhan

Қазақтың ең жарқын тұлғаларының бірі, ақын, драматург Мұхтар Шахановтың бейнесі мен шығармашылығына көп адам қызығатыны анық. Алайда, оның рухани әлемін суретке түсіру – ерекше өнер. Айгерім Абжанова осы бір бейнені камераға сыйдырған талантты фотограф. Ақынның шығармашылығына өзіндік көзқарасымен қарап, оның бейнесін жаңаша қырынан көрсетті. Айгерім Біржанқызы түсірген суреттер тарихта қалары сөзсіз. Осы тұста Life09 ақпарат агенттігінің тілшісі – қазақтың нар тұлғасы Мұхтар Шахановты суретке түсірген Айгерім Абжановамен сұхбаттасты.  

1

 «Мен 10 жылдан астам уақыт бойы фото-суретші болып жұмыс істеймін. Бала күнімнен бастап қолымнан камера түскен жоқ. Мені тек сүйікті жұмысым ғана шабыттандырады. Жаңа идеялармен қатар тың образдарды жаным сүйеді. Маған келген адамның бейнесін әдемі әрі шынайы қылып шығаруға тырысамын», – дейді Айгерім.  

Мұхтар Шахановты суретке түсіру мәртебесі бұйырғанына қуаныштымын дейді фото-суретші. 

«Маған менің досым Арман Теміртас деген жігіт Мұхтар Шахановты суретке түсіріп беруін өтінді, мен қуана келістім. Досым осы түсірілімнің стилисі болып қызмет атқарды. Сол уақытта олар «Танакөз» қойылымына дайындалып жатқан еді. Ол қойылымның авторы Мұхтар Шаханов. Бұл менің нар тұлғалармен жасаған алғашқы еңбегім әрі тәжірибем», – деді фото-суретші Айгерім Абжанова. 

1

Журналистің болашақта қандай аңыз адамдармен жұмыс істегіңіз келеді деген сауалына, Айгерім, әзір ештеңе белгісіз деп жауап берді. 

«Бұл сауалға әзір жауап бере алмаймын, бірақ өзіме де қызық. Осы жақында ғана мен өз жұмысымның бағытын  өзгертсем деп ойлаған болатынмын. Енді менде жаңа идея пайда болды, болашақта біздің аңыз адамдарымызды, ерекше тұлғаларымызды суретке түсіргім келеді», – деді Айгерім. 

1

Суреттегі әдемі образ үшін Айгерім өзінің әріптесіне алғысын білдірді. 

«Образбен досым Арман Теміртас жұмыс істеді. Мұхтар ағаның үстіндегі қызыл күртеше де соның идеясы. Арман – Әзірбайжан Мәмбетов театрының аға суретшісі болып жұмыс істейді. Бұл біздің Арманмен жасаған алғашқы жұмысымыз емес. Мені осындай тарихи тұлғамен кездестіргеніне әрі жұмыс істегеніміз үшін Арманға алғысым шексіз», – деп сөзін тәмәмдады фото-суретші Айгерім Абжанова.