BANNER

Найзағай, бұршақ, тұман: 31 мамырға арналған ауа-райы болжамы

pixaboy

«Қазгидромет» РМК бүгінгі, яғни 31 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен қиыр солтүстігінде антициклон ашық, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Еліміздің қалған территориясында циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер тұрақсыз ауа райын алып келеді – найзағай мен жаңбыр, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста бұршақ күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, - деп болжады  «Қазгидромет» РМК синоптиктері.

Сондай-ақ бүгінге еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Жезқазған қаласында 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Қарағандыда 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде) төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 31 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облысың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавлда 31 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік–батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 31 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қаласында 31 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.