BANNER

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қарағанды облысына келген іссапары барысында Осакаров ауданына барды

Сурет автордікі

Мәлік Отарбаев Қарағанды облысына келген іссапарында Осакаров ауданының қоғам белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Сапар барысында Мемлекет басшысының кеңесшісі Осакаров аудандық ауруханасының жәй-күйімен танысты. 

– Осакаров ауданының орталық ауруханасында 500-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Аурухана күрделі жөндеуден өткен, әрі жаңа медициналық аппараттармен жабдықталған. Сонымен қатар, жедел жәрдем көлігі тапшылығы жоқ. Сондай-ақ, жедел көмек көрсету пункті де жұмыс істеп тұр. Аурухана жол бойында орналасқандықтан, жол апатына түскен жолаушылар бірден осы пунктке жеткізіледі. Аурухана дәрігерлері басқа аудандық, қалалық, республикалық ауруханаларға барып, тәжірибе алмасып келеді, – деді аудандық аурухана басшысы Ольга Травнева. 

Сондай-ақ, Мәлік Отарбаев А.Бөкейханов атындағы тірек мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты.

– Мектеп 2015 жылы салынды. Қазір балаларға білім беруге бар жағдай жасалған. Жаңа IT кабинеті, студия, қыздарға және ер балаларға арналған технология кабинеті бар. Жасалған жағдайдың арқасында 700-ден астам оқушы білім алады, – деді  А.Бөкейханов атындағы тірек мектебінің басшысы Мара Ақмағамбетова. 

Іссапар соңында Мәлік Отарбаев Осакаров ауданының қоғам белсенділерімен және ұстаздар қауымымен кездесті. 

– Әуелі сіздерге Мемлекет басшысының сәлемін жеткізгім келеді. Іссапарымның басты мақсаты Президенттің «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын талқылау, – деді Президент кеңесшісі.