BANNER

Шілде айында ауа райы қалай құбылады?

pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мамандарының айтуынша, атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтар ауданы ұлғайып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде. Алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда. «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саировтың айтуынша, нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы айдың болжамын ескере отырып бірқатар өңірлерде атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

«Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласында күтіледі. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тамыз айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады деп күтілуде.

Синоптиктердің мәліметіне, сүйенсек, айдың алғашқы он күндігінде елімізде қатты жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Шілденің алғашқы онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, солтүстік-батысты, солтүстікте және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады деп күтілуде. Ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстікте, шығыста түнде +10...+15°С, күндіз +18...+28°С; республика орталығында түнде +10...+18°С, күндіз +22...+28°С; оңтүстік шығыста түнде +15...+20°С, күндіз +22...+30°С дейін ауа температурасы төмендейді.

 Ал батыс пен оңтүстікте ауа температурасы түнде +12...+17°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +27...+32°С-тан +35...+43°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Алғашқы онкүндік пен екінші онкүндік басында елдің басым аумағында қайтадан күн ыстық болады. Ал екінші және үшінші онкүндікте жаңбыр жауып, найзағай онйайды, сондай-ақ екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

 Елдің батысында түнде от +15...+22°С-тан +19...+25°С-қа дейін, күндіз +28...+33°С-тан +33...+38°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7...+17°С-тан +15...+23°С-қа дейін, күндіз +17...+27°С-тан +30...+37°С-қа дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14...+23°С-тан +20...+28°С-қа дейін, күндіз +30...+36°С-тан +35...+43°С-қа дейін;

 оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°С-тан +17...+25°С-қа дейін, күндіз +25...+36°С-тан +33...+40°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.