BANNER

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді

Фото: gov.kz

Қазақстанда 2024 жылғы 16 маусымнан бастап мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді, деп хабарлайды LIEF09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып,  оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған. Талқылау мен қабылдаудың барлық кезеңдерінде бұл құжат қоғамда үлкен резонанс тудырды. 

Заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізді, сондай-ақ ол  отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған.

Жаңа заң неке-отбасы заңнамасы негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және басқаларды нығайту және насихаттау сияқты жаңа принциптермен кеңейтілген. Сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың неке институтын нығайту жөніндегі құзыретін кеңейту  және отбасылық, әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру көзделген.

Қылмыстық кодекс 3-бап кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қандай қылмыстар жататынын анықтайтын тармақпен толықтырылды.