BANNER

Ұлттық ұланның 36 сарбазы ауруханаға түсті

уикипедия

Карағанды облысында ҚР Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің 36 сарбазы ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. 

18 тамыз күні Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметкер жеткізілді. Олардың 31-іне алдын ала қойылған диагноз – жедел ішек инфекциясы қойылып, ал бес сарбазда респираторлық вирус деген болжам болды. Эпидемияға қарсы ем шаралары жасалып жатыр.

Еске сала кетсек, бұл Қарағанды облысының тұрғындары жаппай ішек инфекциясынан ауырған алғашқы жағдай емес. 16 тамызда Балқаш қаласындағы «Досжан» отбасылық пансионатында демалушылар осылай ауырған. 

Қазір бұл жағдайды Балқаш пен Қарағанды санитарлық дәрігерлері және облыстық полиция департаменті тексеріп жатыр.