BANNER

Жаңа энергетика министрі ант берді

primeminister.kz

Үкімет отырысында бұрынғы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің орнына келген Ерлан Ақкенженов ант берді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Ақкенженов.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрге сәттілік тіледі.