BANNER

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы басталды

Qazaqstan.tv

 

Биылғы сессияның тақырыбы – «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл». Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шараға 1600-ден аса делегат қатысады. Олардың қатарында депутаттар, өңірлерден келген ассамблея мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

«Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын!

Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.