BANNER

Азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру

Фото: ЖИ

2025 жылдың қорытындысы бойынша прокуратура органдары 300 мыңнан астам азаматтың әлеуметтік құқықтарын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етті. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мемлекетке 1 трлн теңгеден астам шығын өтеліп, 250 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.

Сот жүйесінде заңдылықты қамтамасыз ету саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Мыңға жуық адамғақатысты сот актілері заң талаптарына сәйкестендіріліп, 150 сотталғанның жағдайы жақсартылды, азаматтық, әкімшілікістер және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойыншашамамен 3 мың сот актісі түзетілді.

Қылмыстық салада адам құқықтарының сақталуы

Қылмыстық процесс пен пенитенциарлық жүйеде адамқұқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды. 2025 жылы 4 мыңнан астам адамды қылмыстық процеске заңсызтарту деректерінің жолы кесілді. Азаптау фактілерінің саны 56%-ға төмендеді. Қылмыстық-атқару жүйесімекемелерінде азаптау жағдайларына жол берілген жоқ, суицид деңгейі 34%-ға азайып, сотталғандардың еңбекпенқамтылу көрсеткіші 16%-ға артты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл

Есірткі қылмысына қарсы белсенді жұмысжалғастырылды. Қылмыстық жолмен алынған есірткікірістерін бұғаттау алгоритмін іске асыру басталды. Нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына 222 мыңнан астам«дропперлік» шот бұғатталды. Прокурорлардыңбастамасымен тергеу шеңберінде 10 млрд теңгеден астамсомаға активтерге тыйым салынды.

Активтерді қайтару

Жалпы соңғы екі жылда заңсыз шығарылған активтердіқайтару бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесіндеолигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астамқаражат өндірілді. Оның ішінде мемлекет кірісіне 1 трлн 76 млрд теңге сомасында ақшалай қаражат пен мүлікқайтарылды.

Аталған қаражат есебінен еліміздің барлық өңірлерінде434 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысыаяқталды және жалғасуда. Оның ішінде 227 суменжабдықтау нысаны, 183 медициналық мекеме, сондай-ақ 11 білім беру, 5 спорт және 8 инфрақұрылымдық нысан бар.

Олардың 200-ден астамының құрылысы толықаяқталды, атап айтқанда: 140 медициналық, 66 суменжабдықтау, 2 спорт және 2 білім беру нысаны.

Олигополия субъектілерімен жалпы сомасы 5 трлнтеңгеден асатын инвестициялық және әлеуметтікжобаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды.

Бизнес пен инвестициялық ахуалды қорғау

Президент тапсырмаларын орындау аясындаинвестициялық жобаларға құқықтық сүйемелдеуқамтамасыз етілді. Прокурорлар экономикаға 25 трлнтеңгеден астам қаражатын инвестициялаған шамамен 2 мыңинвесторға көмек көрсетті.

Қадағалау және үйлестіру шараларының нәтижесіндебизнеске қатысты басталған қылмыстық істердің саны екіесе қысқарды.

Бұл бағыттағы жұмыс Инвесторлардың құқықтарынқорғау жөніндегі комитетінің құрылуымен жаңа деңгейгекөтеріліп, ол инвестициялық қауіпсіздікті және тұрақтыэкономикалық өсімді қамтамасыз етудің жүйелі құралынаайналады.

Халықаралық ынтымақтастық және экстрадиция

Бас прокуратура халықаралық ынтымақтастықтыбелсенді түрде дамытып келеді. Төрт халықаралық келісімратификацияланып, Сингапур және Катар мемлекеттеріменөзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жалпы 38 шет мемлекетпен 85 екіжақты келісім жасалған.

Ресей, БАӘ, Қырғызстан, Грузия, Польша, Әзербайжан, Испания, Германия, Сербия, Сауд Арабиясы, Армения, Беларусь, Түркия, Литва және Швеция елдерімен 69 экстрадициялау туралы талап қанағаттандырылды.