2025 жылғы 2 маусымда Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен және Қарағанды облысының полиция департаментінің қолдауымен Балқаш қаласында «Интернет-алаяқтықтың алдын алу: Цифрлық қауіпсіздік: өзіңізді онлайн алаяқтардан қалай қорғауға болады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы хабардарлықты арттыру, ата-аналар мен оқушыларға цифрлық қауіпсіздік негіздерін түсіндіру және киберқауіптерге қарсы әрекет ету жолдарын үйрету.
Дөңгелек үстелге барлығы 40 адам қатысты. Қатысушылар қатарында білім беру ұйымдарының өкілдері, оқушылар, ата-аналар, полиция қызметкерлері мен ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары болды.
Кездесу барысында онлайн алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан қорғану тәсілдері мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдылары талқыланды. Сарапшылар нақты мысалдар келтіре отырып, қатысушыларға пайдалы кеңестер мен нұсқаулықтар ұсынды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар киберқауіпсіздік бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті және осындай кездесулердің тиімділігі жоғары екендігін жеткізді.