BANNER

«БІЛІМ БЕРУДІҢ КИБЕРҚАУІПТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Фото автордан

2025 жылғы 13 мамырда Бұқар жырау ауданының Білім бөлімі ғимаратының акт залында «Білім берудің киберқауіптердің алдын алудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қарағанды облысы Білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Оған ауданның білім беру ұйымдарының өкілдері мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты. Жалпы қамту — 100 адам.

Дөңгелек үстелде білім беру саласындағы цифрлық қауіпсіздік мәселелері, оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру, мектептер мен балабақшаларда киберқатерлердің алдын алу тәсілдері талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, кибергигиена мен цифрлық тәрбие беру бағдарламаларын енгізу тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ интернеттегі қауіп-қатерлер туралы балалардың хабардарлығын арттыру жолдарын қарастырды.

Сарапшылардың баяндамаларында киберқауіпсіздік мәселелеріне жүйелі түрде қараудың маңыздылығы және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруда білім берудің шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша алдын алу жұмыстары мен ақпараттық қауіпсіздік мамандарымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған нақты қадамдар айқындалды.