Бұл туралы жасанды интеллект бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин үкіметтегі брифингте айтты.
Айтуынша, бұл SIM карта иесін дәл анықтауға және алаяқтық мақсатында пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков 3 қаңтардан бастап онлайн сатып алу кезінде биометриялық сәйкестендіру қажет екенін атап өтті.
«Егер дүкенге барып SIM-карта алсаңыз, оны тек биометриялық сәйкестендіруден өткен соң пайдалана аласыз. Сіздің ЖСН-іңіз бар, SIM-картаны телефоныңызға қосасыз, бірақ биометриялық сәйкестендіруден өтпей оны қолдана алмайсыз», - деді Сейсембеков.
Карталар саны бойынша да шектеу беріледі, бір адамға 10 нөмірден аспауы тиіс.
