BANNER

ЦентрКредит Банкінен 1 күнде алуға болатын онлайн ипотека

.

Енді ипотека алу әлдеқайда оңайырақ бола түсті. Себебі ЦентрКредит Банкі веб-сайт арқылы онлайн-ипотекалық несиені іске қосты. Оның көмегімен сіз банк бөлімшесіне бармай-ақ бір күн ішінде тұрғын үй сатып алуға ипотекалық несие ала аласыз.

ЦентрКредит Банкінің онлайн ипотекасы қандай

Бұл – ипотекалық несиені онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа банк қызметі. Өтініш беру процесі бір терезеде қашықтан жүзеге асырылады. Мұнда онлайн өтінім, жылжымайтын мүлікті бағалауға тапсырыс беру, сатып алу-сату шартын жасау үшін нотариусты таңдау және банктік несие алу секілді өтініштерді бере аласыз.

Онлайн ипотекаға қалай өтініш беруге болады

Ол үшін bcc.kz сайтына кіріп бірнеше қадамдарды орындасаңыз болғаны:

ипотекалық бағдарламаны таңдап, ипотекалық калькулятор арқылы шарттарды есептеңіз. Несиенің шамамен сомасын анықтау үшін алдын ала шешімді білуге болады. Сондай-ақ шешім қабылдау кезінде несиелік жүктеме ретінде ескерілмейтін, кейіннен өтеу шартымен қолданыстағы несиелерді таңдауға болады.

өтініш беру – ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, адамның бейне сәйкестендіруден өтуі арқылы жүргізіледі;

жылжымайтын мүлікті бағалаудан өту - мүлік туралы мәліметтерді толтырып, мүліктің құнын ескере отырып шешім алу арқылы жүргізіледі;

сатып алу-сату шартын жасау бойынша қызмет нотариусқа клиентке ыңғайлы уақытта және жылжымайтын мүлікпен мәмілені кейіннен ресімдеу, тіркеу үшін таңдауды автоматты түрде ұсынады;

Құжаттарға қол қою электрондық цифрлық қолтаңба арқылы іске асырылады. Егер сізде ЭЦҚ жоқ болса, egov.kz арқылы онлайн ала аласыз.

Рәсімдеуге қанша уақыт кетеді

Онлайн ипотеканың басты артықшылығы – ұйымдасқан тиімді қызметінде. Ипотекалық несиені 1 күн ішінде алуға болады. Бұл ретте өтініштің жеке шарттарына байланысты шешімді 2 минуттан бастап күтесіз.

Онлайн ипотеканың шарттары қандай

Несие шарттары кәдімгі ипотекалармен бірдей.

несие сомасы – 100 млн теңгеге дейін;

мерзімі - 3 айдан 15 жылға дейін;

бастапқы төлем жарнасы – 20%-дан;

мөлшерлемесі – жылдығы 15%-дан (жылдық тиімді мөлшерлеме 15%).

Онлайн ипотека арқылы кім, қайдан, қандай жылжымайтын мүлік ала алады

Несие мерзімінде қарыз алушы 21 бен 68 жас аралығындағы Қазақстан азаматы болуы шарт.

Қазіргі уақытта бұл қызмет Қазақстанның сегіз қаласында пайдалануға қолжетімді. Олар: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Тараз және Павлодарда. Дегенмен өтінішті кез келген қаладан беруге болады. Бұл онлайн ипотекада пәтерлерді тек 1967 жылдан ерте емес, құрылыстың қайталама нарығынан алуға болады.