BANNER

Еңбек ардагерлері сауықтыру орталығына жіберілді

.

Қарағанды облысында аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсетілді. Еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері он күн бойы Балқаш көліндегі шипажайда тегін демалып, денсаулығын жақсартады.

Топқа 80 жастан асқан аймақтың барлық қалалары мен аудандарынан 48 адам кірді. Игі іс облыс басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды.

– Приозерск қаласына "Балқаш" емдеу-сауықтыру кешеніне 48 ардагерді жібереміз. Автобус жүргізушісіне: "Бұл кісілерді хрусталь құмырасы секілді тасымалдаңыз", – дедім. Бұл 80 жастан асқан адамдар. Араларында 90 жастағы қариялар да бар. Санаттар: тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, –деді Қарағанды облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин. – Әр қалада және ауданда бізде ардагерлер ұйымдары бар. Топ бүкіл аймақтан жинақталды. Әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсететін жалғызбастыларға артықшылық берілді. Олардың арасында шағын зейнетақы алатындар бар. Мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр, біз жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығымен үнемі байланыста болдық.

Оның айтуынша, ардагерлер жайлы бөлмелерде тұрады, оларға медициналық қызметтердің толық курсы ұсынылады. Сонымен қатар, олар бассейнге, саунаға, спорт және тренажер залдарына бара алады.

– Аға буын өкілдеріне құрметпен қарағандарыңыз үшін, Ардагерлерге қамқорлық жасағандарыңыз үшін рақмет айтқым келеді. Жүрегіміз қуанышқа толып, жолға аттанғалы отырмыз. Демалуға, жаңа күш жинауға тамаша мүмкіндік, – деді Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінен келген 88 жастағы тыл еңбеккері Қанағат Жұмашұлы ұйымдастырушыларға.

Саран қаласының ардагері Хайруллина саяхат қалалық деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.

– Қарқаралы, Бурабайда болды. Бірақ бұл екі-үш күн және біздің ардагерлер ұйымының мүшелері үшін ғана. Ал осыған дейін бүкіл аймақтан жиналатындай мұндай нәрсе болған жоқ. Сараннан біз үшеуміз. Осындай бастама барлығымызға ұнайды. Біз ем алуға барып қана қоймай, қарым-қатынас орнатамыз: менің ойымша, қызығушылық клубтары пайда болады, шығармашылық кештер ұйымдастырамыз, – деп атап өтті сапарға қатысушы.