BANNER

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ИНТЕРНЕТ — АЛАЯҚТЫҚ: СХЕМАЛАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Фото автордан

2025 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласындағы «Кәусар» оқушылар сарайының акт залында «Интернет — алаяқтық: схемалар қалай жұмыс істейді?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қарағанды облысы Білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Оған білім бөлімі өкілдері мен Қарағанды жастарының белсенділері қатысты. Жалпы қамтылғандар саны – 80 адам.

Шараның басты мақсаты — жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу болды. Дөңгелек үстел барысында интернеттегі кең таралған алаяқтық схемалар, әлеуметтік инженерия әдістері мен цифрлық ортадағы жеке деректерді қорғау жолдары талқыланды.

Киберқауіпсіздік саласының мамандары қатысушыларға нақты кеңестер беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Жастар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, жастар арасында сыни ойлау мен интернетте қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның қорытындысы — өсіп келе жатқан ұрпақ арасында ақпараттық алдын алу жұмыстарының маңыздылығы мен цифрлық қауіп-қатерлер туралы тұрақты түсіндіру жұмыстарының қажеттілігін айқын көрсетті.