Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №34-ші мекемедегі жазасын өтеушілерге арналған жаңа-жылдық іс-шаралар өткізілді.
Мереке қарсаңында Аяз ата сотталғандарды Жаңа 2024 жылмен құттықтады.
Сотталғандар арасында әзілдер, тақпақ және ән айту бойынша сайыстар өткізілді. Ешкім сыйлықсыз және жаңа жылдық көңіл-күйсіз қалмады. Жаңа жыл мерекесінің тақырыбы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтау таңдалды.
Мекеме басшысының орынбасары Әсет Қызыловтың айтуынша, Жаңа жыл отбасылық және мейрімділікке толы мереке болғандықтан, іс-шараның тақырыбы отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға арналды. Әрбір отбасында Жаңа жылды тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар, осыған орай сотталғандар естеліктерімен бөлісті, қызықты оқиғалар мен әңгімелер айтты. Мерекенің достыққа толы атмосферасы қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге көмектесті.
Сотталғандар ұйымдастырылған мерекеге алғыстарын білдіріп, барша жұртты Жаңа жылмен құттықтады.