BANNER

Қазпошта мен серіктестер Қарағанды облысында логистикалық жобаларды іске қосады

Фото: QazPost

«Қазпошта» АҚ, YTO International, Қарағанды облысының әкімдігі және «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру, өңірдің транзиттік мүмкіндіктері мен көлік байланысын кеңейту ниетін бекітті.

– Қол қойылып отырған төртжақты меморандумды біз практикалық ынтымақтастықтың негізі ретінде қарастырамыз. Жобаны іске асыру үшін әуежайдың қосалқы аймағы алаңы 4 гектар жер учаскесі бөлінді. Қарағанөзек станциясынан «Сарыарқа» әуежайына дейінгі ұзындығы 25 шақырым болатын теміржол тармағын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Қарағанды облысы әкімдігі тарапынан біз жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Біз үшін бұл ынтымақтастықтың нақты нәтижелерге әкелуі және өңірдің логистикалық әлеуетін нығайтуы маңызды, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов.

«Қазпошта» АҚ халықаралық YTO International логистикалық компаниясының, Qazpost-YTO бірлескен кәсіпорнының, «Сарыарқа» әуежайының және Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және пошта-логистикалық қызметтер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды.

Қарағанды сұрыптау орталығының таныстырылымына және өңірлік логистикалық инфрақұрылымды кеңейту перспективаларына, соның ішінде Cargo Hub Караганда құруға, әуежай аумағында қоймалық және терминалдық инфрақұрылымды дамытуға және процестерді оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

qazpost.kz